Біз кз

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАТТЫҒЫ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балалар жүрегінде ерекше естелік қалдыратын дәстүрлі іс-шаралардың бірі – аудан әкімінің шыршасы. Мерекелік кеш жыл сайын Байзақ ауданындағы дарынды, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін ұйымдастырылады. Бүгін аталған шара Сарыкемер ауылындағы «Royal Palace» мейрамханасында болып өтті. 

Онда А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры өнерпаздарының орындауында театрландырылған қойылым ұсынылды. Салтанатты шарада аудан әкімі балдырғандарды мерекемен құттықтап, бақытты балалық шақ тіледі, сый-сыяпаттар табыстады. Балалар үшін мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар ерекше көңіл-күй сыйлады. Шырша жанында бүлдіршіндермен бірге би билеп, ән салды. Түрлі тәттілер мен сыйлықтар таратып, әр баланың мерекелік қуанышын еселей түсті. Тамаша әсерге бөлеген кеш олардың қиялын шарықтатып, жарқын болашаққа деген үміттерін нығайтты.
Шара соңында кеш қонақтары безендірілген шырша жанында естелікке суретке түсті.

Байзақ аудандық ақпараттық медиа орталығы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.