Біз кз

Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы қызметі туралы және Контрафакт

Жамбыл облысы Әділет департаментінің (әрі қарай-Департамент) басым міндеттерінің бірі зияткерлік меншік құқықтары саласындағы мемлекет саясатты іске асыру, облыс тұрғындары арасында контрафактілік өнімдерге төзбеушілікті қалыптастыру, бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу болып табылады.

Бүгінгі таңда зияткерлік меншік объектілерін қорғау мәселесі өте маңызды және кешенді міндет болып табылады.

Контрафакт дегеніміз – өнімдерді зияткерлік меншік құқығын бұза отырып жасау немесе пайдалану.

Мысалы, тауар таңбасы иесінің рұқсатынсыз тауар белгіні тауарларда, этикеткаларда, осы тауарлардың қаптамасында пайдалану (өндіру, әкелу, сату және т.б.). Контрафактіге автордың рұқсатынсыз музыкалық, көркем, әдеби шығармалардың кез-келген таралуы немесе патенттелген технологиялар мен әзірлемелерді пайдалану жатады.

Мұндай өнімдерде сертификаттар мен лицензиялар жоқ. Контрафактілік өнімді жасау кезінде сапасыз, уытты материалдарды пайдалануына байланысты адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Контрафактілік өнімдерді заңсыз әкелу, өндіру және айналымға енгізу тұтыну нарығында жозықсыз бәсекелестікке ықпал етеді және бұл еліміздің экономикасына үлкен залал келтіреді, тұтынушыларды тұтынушылық қасиеті мен шығарылған өнімдерге қатысты жаңылыстырады және отандық өнеркәсіпті дамытуда елеулі кедергі болып табылады.

ҚР «Әділет органдары туралы» Заңының 22-1 бабына сәйкес, Департамент тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырады.

Мәселен, Департамент тауар таңбалары иелерінің немесе сенімхат негізіндегі өкілдерінің өтініші негізінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (әрі қарай-ҚР ӘҚБтК) 158-бабына сәйкес, бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын заңсыз пайдалану бойынша құқық бұзушыларға әкімшілік хаттама толтыруға құқылы.

2025 жылдың 6 айында Департаментпен құқық иеленушілердің өтініші негізінде Қазақстанда қорғалатын тауар белгілерін пайдалануға қатысты заң талаптарын сақтау бойынша  3 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 3 құқықбұзушылық анықталды. ҚР ӘҚБтК 158-бабы бойынша 3 іс қозғалып, 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 344 500 теңгені құрайтын 94 дана контрафактілік  өнімдер алынды.

Аталған әкімшілік істер сотпен қаралып, жалпы соммасы 247 726 теңге көлеміндегі айыппұл салынды.

Тексеру шеңберінде «APPLE», «IPHONE», «», «LIGHTNING» сияқты белгілі тауар таңбалары иелерінің құқығы қорғалды.

Сонымен қатар, Департаментпен зияткерлік меншік саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында, азаматтармен және кәсіпкерлік субъектілерімен тиісті құқықтық түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі.

Жауапкершілік.

Қазақстанда контрафактілік өнімдерді заңсыз әкелу, жасау және айналымға енгізу, яғни зияткерлік меншік құқығын бұзғаны үшін әкімшілік, қылмыстық және азаматтық жауапкершілік қарастырылған.

 

Ғалымжан Қуатбеков,

Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.