Біз кз

Жасөспірімдер мен ата-аналарға арналған полиция кеңесі

Жазғы демалыс — көптен күткен мереке, еркіндік және жаңа әсерлер. Алайда, статистикаға сәйкес, дәл осы кезеңде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар саны артады. Жазғы күндерді пайдалы әрі қауіпсіз өткізу үшін Жамбыл облысының полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына, олардың ата-аналарына, сондай-ақ мектеп және саяжай лагерьлеріндегі тәрбиешілерге маңызды жаднама дайындады.

Кәмелетке толмағандарға түнде заңды өкілдерінің қарауынсыз көшеде жүруге тыйым салынғанын ұмытпаңыз. Бұл ережені бұзу тек әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, сонымен қатар өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін. Егер мұндай деректер анықталған жағдайда, онда ата-аналар да жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін есте сақтауы керек.

Ортаны таңдаңыз: достар жасөспірімдердің өмірінде үлкен рөл атқарады, бірақ кез келген орта қауіпсіз емес. Ұрлық, вандализм, төбелеске немесе бұзақылыққа шақыратын ортадан аулақ болыңыз. Тіпті «әзілдер» ауыр зардаптарға және соттылыққа әкелуі мүмкін.

Интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, өйткені цифрлық кеңістіктегі қауіптілік көшеден кем емес. Күдікті хат алмасуға, бейтаныс адамдарға жеке фотосуреттерді жіберуге болмайды, зорлық-зомбылыққа, агрессияға немесе өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін «ойындарға» немесе сынақтарға қатыспаңыз. Егер, мазасыздансаңыз немесе қысымға ұшырасаңыз, дереу ата-анаңызға, мұғалімдеріңізге немесе мектеп инспекторына хабарлаңыз.

Отбасына көңіл бөлу мен сенім кез келген қауіп-қатердің алдын алады. Балаңыздың қайда екенін, кіммен уақыт өткізетінін, немен айналысатынын біліңіз. Жасөпіріммен ашық сөйлесу, оны қолдау және өміріне араласу көптеген жағымсыз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ескертеді: заң жыл бойы әрекет етеді, тіпті демалыс күндері де жасөспірімдер өз әрекеттеріне жауап береді. Сондықтан жазғы демалысты саналы түрде қауіпсіз, белсенді және еш бұзушылықсыз өткізіңіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.