«Мөлдір бұлақ» лагеріндегі профилактикалық күн: балаларға есірткінің зияны туралы айтылды
Жамбыл ауданы аумағында орналасқан «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен іс-шара өтті.
Күнделікті сабақтардың орнына – флешмобтар, сурет байқаулары, шеберлік сағаттары және кинология қызметінің әсерлі көрсетілімі ұйымдастырылды.
Таңертеңнен бастап лагерь аумағында ырғақты әуендермен балалардың флешмоб биіне дайындығы, жақын маңда сурет байқауы өтіп жатты. Суреттерде ашық күн, гүлдер, күлімдеген отбасылар және қарсылық белгісіндегі үстінен сызылған инелер. Өз суреттері арқылы балалар сөзсіз-ақ, жарқын, салауатты және тәуелділіктен ада болашақ туралы өз армандарын жеткізді.
Күтілген қызықты сәттердің бірі — тәжірибелі кинологтардың басшылығымен қызметтік иттердің көрсетілімі болды. Төрт аяқты көмекшілер шеберліктерін, тыйым салынған заттарды табу және шартты құқық бұзушыларды ұстау қабілеттерін көрсетті. Мұндай көрініс арқылы балалар шынайы өмірде «Заң мен тәртіп» қағидаты қалай жұмыс істейтінін көзбен көріп, әркімнің өз құқығын білумен қатар, жауапкершілікті де ұмытпауы қажет екенін түсінді.
Ойындар және көңіл көтерулермен қатар, маңызды тақырыпқа арналған әңгіме де өтті. Ашық аспан астында өткен интерактивті дәріс барысында балалармен есірткінің зияны, қатарластардың қысымына қарсы тұру жолдары және саналы таңдау жасау жайы талқыланды.
Іс-шара Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы және Тараз қаласының Жастар ресурстық орталығының бірлесуімен өткізілді.
Жамбыл облыстық ПД Баспасөз қызметі