Біз кз

Заң мен тәртіп – Әділ қоғам

Тараз қаласындағы Достық үйінде «Заң мен тәртіп – Әділ қоғам» атты облыстық ардагерлер форумы өтті.

Іс-шараны «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырды.

Форумға облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов, облыс прокуроры Н.Әбдіров, Полиция департаментінің бастығы Б.Малыбаев, облыстық ардагерлерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев, дін және қоғам қайраткерлері мен жастар өкілдері қатысты.

Басқосуда қоғамдық тәртіп, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ақсақалдар кеңесінің рөлі мен құқықтық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды.

Жамбыл облысы ПД бастығы Бақытжан Малыбаев форумда сөйлеген сөзінде:
«Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның іргетасы. Қоғам тұрақтылығы тек полицияның ғана емес, барша азаматтардың ортақ міндеті. Ақсақалдармен бірлескен жұмыс – жастарға тәрбие берудің, құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жолы» – деп атап өтті.

Форум аясында әр ауданда ақсақалдар кеңесін құрып, оларды қылмыстың алдын алу мен жастар тәрбиесіне белсенді тарту туралы ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында тараптар қоғам тұрақтылығы мен әділеттілікті қамтамасыз ету жолында бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

Жамбыл облысы ПД Баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.