Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде кезекті рет аппараттық жиын өтті.
Басқосуға мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев, оның орынбасарлары және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Жиында ең әуелі сөз алған Бақтияр Әлмаханұлы жеке құрам қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойды.
Ол өз сөзінде ҚАЖ қызметкерлерінен мекемедегі құқықтық тәртіпті нығайту, жазасын өтеушілердің арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және сотты болғандарды жұмыспен қамтамасыз ету бағытында кешенді жоспарларды өз деңгейінде орындалуы талап етілетінін баса айтты.
Сондай-ақ жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша көңіл бөліп отырған «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Бұдан бөлек жазасын өтеушілерді қоғамға қайта бейімдеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.
biz01.kz