2025 жылғы 1 маусымнан бастап Жамбыл облысы аумағында 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар мен «Заң және тәртіп» бағдарламасына сәйкес «Қарасора-2025» республикалық ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын жою жөніндегі жылжымалы комиссия құрамында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау аясында жабайы қарасора өсетін ошақтарды анықтау және жою бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Арнайы ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, облыстың құмды аймақтарына жақын 4 394,6 гектар аумақтағы жабайы қарасора орылып, кейіннен жиналған өсімдіктер өртеу арқылы жойылды.
Жойылған қарасораның жалпы салмағы үш мың тоннадан асты. Бұл шаралар өсімдік тектес есірткі шикізатының заңсыз айналымға түсуін болдырмауға және өңірдегі есірткі қатерін төмендетуге бағытталған.
Мұндай іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және есірткі қылмысына қарсы күреске бағытталады.
Жамбыл облыстық ПД Баспасөз қызметі