Біз кз

Жамбыл облысында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу шараларын күшейту мәселесі талқыланды

Жамбыл облысы Полиция департаментінде ҚР ІІМ басшылығының жастар арасында нашақорлықтың алдын алуды күшейту және жасөспірімдерді есірткі ортасына тартудың алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Отырыс Жамбыл облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Мақсат Қанапияевтың төрағалығымен өтті. Кездесу барысында соңғы төрт айдағы профилактикалық жұмыстың қорытындылары шығарылып, ағымдағы жылға арналған басым бағыттар айқындалды.

Әсіресе, жасөспірімдер арасында есірткі заттарының таралуына байланысты қазіргі қауіп-қатерлерді талдауға және құқық қорғау органдары, білім беру ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Спикерлер кешенді тәсілдің маңызын атап өтті. Ол мектеп оқушылары мен студенттерге, олардың ата-аналарына, сондай-ақ педагогтарға ағартушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтиды.

— Бүгінгі таңда алдын ала әрекет ету бұрынғыдан да маңызды. Жастар – біздің болашағымыз, біз оларды кез келген есірткі қатерінен қорғауға міндеттіміз. Ол үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру қажет, — деп атап өтті Мақсат Қанапяев.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша, ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен профилактикалық қызметке елеулі үлес қосқан кеңес мүшелері грамоталармен марапатталды.

Отырыс қорытындысында қатысушылар үйлестіруді күшейтуге және іске асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін жүйелі түрде бақылауға уәделесті. Бұл әрбір жасөспірімнің өз өңірінде өзін қауіпсіз сезініп, ықтимал қатерлер туралы хабардар болуына мүмкіндік береді.

Жамбыл облыстық ПД Баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.