Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
СОЛТҮСТІККЕ КӨШУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс күші артық өңірлерден педагогтар мен медицина қызметкерлеріне және басқа да мамандық иелеріне бос жұмыс орындарының болуына байланысты “Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері” Ұлттық жобасын насихаттау ауданымызда жүйелі түрде жүргізілуде.
Осы орайда, Жаңатас көпсалалы колледжінде аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен Еңбек ресурстарын тарту бойынша Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының өкілдерімен кездесуі өтті.
Жиынға Еңбек ресурстарын тарту бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Еңбек мобильділігінің директоры Аман Төрегелдин, Қызылжар ауданының Мансап орталығы филиалының директоры Кенжебай Бірімжанов, Есіл ауданының Мансап орталығы филиалының директоры Қасым Сейтенбатов, Мағжан Жұмабаев ауданының Мансап орталығы филиалының директоры Динара Мұхамеджанова, Таман аудандық округтің әкімі Александр Поляков, Шал ақын ауданының Мансап орталығы филиалының директоры Маргарита Кускенова және аудан тұрғындары қатысты.
Келелі кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысының аудандарына қоныс аударуға, ауданда жұмыссыз жүрген немесе ниет білдіруші азаматтарға тиісті кеңестер беріліп, бағдарламаның маңыздылығы айтылды.
Айта кетейік, Солтүстік өңірге көшу арқылы Сіз мынадай мүмкіндіктерге ие бола аласыз:
Қоныс аударған кезде баспана, жұмыс және субсидия алыңыз!
Егер сіз Қазақстанның басқа өңіріне ерікті түрде қоныс аударуды қарастырып жатсаңыз — сізде мемлекеттік қолдаумен жаңа бастауға нақты мүмкіндігіңіз бар.
Міне, сізге не керек:
Көшуге арналған субсидиялар
Отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (біржолғы төлем)
Жалдау және коммуналдық қызметтерге көмек (12 айға дейін):
Экономикалық ұтқырлық сертификаты
Бір отбасына 1160 АЕК дейін
Тұрғын үй сатып алу, салу немесе ипотека алу үшін
Қызметтік тұрғын үй немесе жатақхана (егер жұмыс беруші өзін қамтамасыз етпесе)
Жұмысқа орналасуға және тегін оқуға көмек, егіншілік, мал шаруашылығымен айналысуға ниетті отбасыларға жер беру мәселесі қарастырылған.
Сарысу ауданы әкімінің баспасөз қызметі