Біз кз

«Есірткісіз болашақ»: Таразда жүргізушілер арасында әлеуметтік эксперимент өткізілді

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, автобекет аумағында әлеуметтік эксперимент жүргізді.

Жүргізушілерге ақшалай сыйақы үшін жабық сәлемдемені түрлі елді мекендерге жеткізу ұсынылды.

Іс-шараның мақсаты – тасымалдаушылар арасындағы құқықтық сананы тексеру және тыйым салынған заттар мен бұйымдарды тасымалдағаны үшін заңды жауапкершілік туралы еске салу.

Эксперимент барысында жүргізушілердің көпшілігі қырағылық танытып, күдікті ұсыныстардан бас тартты. Қатысушыларға ҚР ҚК-нің есірткі тасымалдауға қатысты баптары мен заң бұзушылық салдары түсіндірілді.

Акция соңында жүргізушілерге «Есірткісіз болашақ» ұранымен футболкалар мен бейсболкалар табысталды.

Жамбыл облыстық ПД Баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.