Біз кз

Қамқоршылар күні аталып өтті

29 қазан – Қамқоршылар күні мерекесі қарсаңында Сарысу аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Халықбергенұлы Жарықбасов аудандағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршыларымен кездесіп, оларға шынайы алғысын білдірді.

«Құрметті қамқоршылар! Сіздерге бала жүрегіне жылу ұялатып, өмір жолына бағыт-бағдар беріп жүрген жауапты да мейірімді еңбектеріңіз үшін зор ризашылық білдіреміз! Бұл мереке – жүрегінде ізгілік ұялаған, өз қамқорлығындағы балаларға ата-аналық жылуын сыйлап, олардың болашағына сенім ұялатқан жандарды ұлықтайтын күн.

Сіздердің еңбектеріңіз – қоғамдағы адамгершілік пен мейірімділіктің айқын көрінісі. Бала болашағына қосқан зор үлестеріңіз үшін алғыс айта отырып, еңбектеріңізге шынайы құрметпен қараймыз. Балалардың күлкісі мен бақытты өмірі – сіздердің қамқорлықтарыңыздың жемісі екенін мақтанышпен айтамыз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге шаттық пен баянды бақыт тілейміз! Әрбір бала жүрегіне үміт отын жағып, олардың жарқын болашағына жол ашар ізгі істеріңіз әрдайым абырой мен алғысқа толы болсын!» деді ол өз құттықтауында.

Кездесу барысында қамқоршыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Шара жылы көңіл-күйде өтіп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, балалардың тәрбиесі мен дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Мұндай кездесулер қамқоршылық мәдениетін нығайтып, қоғамдағы ізгілік пен жан жылуын арттыра түсері сөзсіз.

biz01.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.