Жақында ресми түрде жұмысқа орналастым. МӘМС қашан жұмыс істей бастайды?
Жамбыл облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының мәліметінше, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылған мәртебе соңғы 12 ай немесе алдағы 12 ай үшін үздіксіз төлемдер болған жағдайда беріледі.
Егер азамат бұған дейін ресми түрде жұмыс істемеген, жұмыссыз ретінде жеңілдікті санатқа кірмеген және өздігінен төлеуші ретінде жарна төлемеген болса, онда ол МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебені жұмысқа орналасқан күннен бастап бір жыл өткен соң, төлемдер үздіксіз жүргізілген жағдайда алады.
Ал егер осы мерзімді күтпей-ақ МӘМС аясында медициналық көмек алу қажет болса, азамат өткен 12 ай үшін жарналарды өз бетінше төлей алады. Бұл жағдайда сақтандырылған мәртебе бірден беріледі.