Біз кз

МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматқа шұғыл көмек көрсетіле ме?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы шұғыл медициналық көмек барлық азаматқа сақтандыру мәртебесіне қарамастан көрсетілетінін еске салады.
Филиал директоры Ғайни Аймағанбетованың айтуынша, шұғыл медициналық көмек Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ТМККК) кіреді және оны алу үшін азаматтың сақтандырылған мәртебесі талап етілмейді.
– Азамат сақтандырылмаған болса да, жедел жәрдем шақыруға, жарақаттар, күйіктер, соққылар және өзге де жедел жағдайларда медициналық көмек алуға құқылы. Қажет болған жағдайда шұғыл операциялар да тегін жүргізіледі. Өмірге қауіп төнген жағдайда медициналық ұйымдар көмек көрсетуден бас тарта алмайды, – деді Ғайни Аймағанбетова.
Ал Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жоспарлы түрде көрсетілетін медициналық қызметтер қамтылады. Олардың қатарында бейінді мамандардың қабылдауы, диагностикалық зерттеулер, жоспарлы операциялар және оңалту қызметтері бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.