Біз кз

58-мекемеде Абай күні аталып өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №58 мекемесінде қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында Абай күніне орай тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында сотталғандарға Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы кеңінен ақпарат беріліп, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылды. Сонымен қатар, Абай шығармаларындағы адамгершілік, білім, еңбек және тәрбие құндылықтары жөнінде пікір алмасу жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырып, ұлттық мәдениет пен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.