«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының мамандары қаладағы емханаларда жүкті әйелдерге, шетел азаматтарына және олардың балаларына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі мен сақтандыру тәртібіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтқанда, Қор филиалының Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Дәурен Бурханов пен бөлімнің бас сарапшысы Балжан Есеналиева тұрғындармен кездесіп, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты өзекті мәселелерді түсіндірді.
Кездесу барысында жүкті әйелдерді МӘМС жүйесінде сақтандыру тәртібі, жеңілдік санаттары, сақтандыру мәртебесінің өзгеру себептері және босанғаннан кейінгі кезеңде сақтандырылу шарттары кеңінен сөз болды.
Мамандардың айтуынша, жұмыс істемейтін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жүкті әйелдер үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Ол үшін әйел жүктілігі бойынша емханада есепке тұруы қажет. Бұл ретте сақтандыру мәртебесін уақытылы тексеріп отырудың маңыздылығы да атап өтілді.
Сонымен қатар шетел азаматтары мен олардың балаларының МӘМС жүйесіне қатысу тәртібі, сақтандыру мәртебесін алу шарттары, медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндіктері және мәртебенің өзгеруіне әсер ететін жағдайлар түсіндірілді.
Мамандар азаматтарға МӘМС жүйесіндегі құқықтары мен міндеттерін білу, өз мәртебесін бақылау және медициналық қызметтерді алу кезінде туындаған мәселелер бойынша тиісті мамандарға жүгіну қажеттігін жеткізді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауаптар мен қажетті кеңестер алды.
Айта кетейік, мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрғындардың медициналық сақтандыру жүйесі туралы хабардарлығын арттыруға, өз құқықтарын білуіне және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қор филиалы тарапынан халықпен кері байланыс орнату жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.