Жамбылдық құтқарушылар тағы бір адамның өмірін аман алып қалды.
Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде сағат 12-30-да Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында суға шомылу үшін жабдықталған қалалық жағажайда Жедел-құтқару жасағының құтқарушысымен 2006 жылы туған жасөспірім шомылып жүріп, суға бату кезінде құтқарылды. Ол өз күшін асыра бағалап, батып кетіп қала жаздады. Оқиға орнында зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді. Содан кейін ол жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.