Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты ең әуелі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бағытталған. Бұл ретте әрбір заңгер, судья, сот қызметкері мен тәртіп сақшысы заң талаптарын қатаң сақтап, өзгелерге үлгі болуға тиіс.
Осы орайда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жеке құрам қызметкерлері тізгіндеген автокөліктің құжаттары мен қысқы дөңгелектерінің белгіленген нормативтік талаптарға сай келуі тексерілді.
Тексеріс барысында мекеме басшылығы тарапынан ҚАЖ қызметкерлерінің назарына жол-көлік ережелері мұқият түсіндіріліп, анықталған елеусіз кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырма берілді.