Қордай ауданындағы Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебінде жастар арасында өмірдің құндылығын насихаттау, рухани-адамгершілік тәрбиені нығайту және қиын өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Дінде суицидті түсіну» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Қордай ауданы бойынша арнайы бөлімінің инспекторы Саидов Мұхтор Алексеевич қатысып, оқушылармен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында адам өмірінің қадір-қасиеті мен құндылығы, діндердегі адам өмірінің қасиеттілігі, қандай жағдай болмасын адамның өз өміріне қол сұқпауы керектігі туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қиындықтар мен күйзелістерге тап болған жағдайда сабыр сақтау, қолдау іздеу және мамандардың көмегіне жүгінудің маңыздылығы айтылды.
Маман оқушыларға жалғыздық немесе күйзеліс сезімі туындаған кезде мәселені іште сақтамай, ата-аналармен, мұғалімдермен, психологтармен және сенімді жандармен ашық сөйлесу қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ діннің үмітке, мейірімге, кешірімге және адамгершілік құндылықтарға үндейтіні туралы кеңінен баяндалды.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Ашық форматта өткен кездесу жастардың өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға, рухани тұрақтылығын нығайтуға және қиындықтарға төтеп беру қабілеттерін арттыруға ықпал етті.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар Қордай ауданында жасөспірімдер арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және олардың қауіпсіз әрі саналы ортада қалыптасуына жағдай жасау мақсатында тұрақты түрде өткізілуде.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.