Түзеу мекемелерінде жазасын өтейтін сотталған азаматтардың бас бостандығы шектелгенімен, олардың қоғаммен байланысы үзілмейді. Заңға сәйкес, сот үкімімен кінәлі деп танылған жандар туған-туыстарымен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерде тілдесе алады. Бұдан бөлек, сотталушылар Skype арқылы да байланыса алады. Бұл әдіс дүние жүзін дүрліктірген пандемия тұсында көптеп қолданылды.
Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан бір азамат бейнебайланыс арқылы ет-жақындарымен сөйлесіа, амандығын білді. Мекеме әкімшілігінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан игі іске ер адам алғысын білдірді.
Мақсат БАЕТОВ,
ЖД-158/5 мекемесі режим бөлімінің аға жедел уәкілі, әділет капитаны