Біз кз

Адам саудасына қарсы ақпараттық марафон

Әсия Қалиева басқаратын «Қоғамдық ұстаным» («Общественная позиция») қоғамдық бірлестігі бірнеше жылдар бойы адам саудасына қарсы түрлі жобалармен айналысып келеді. Сондай шараның бірі «Родник» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Адам саудасына қарсы: АлматыТаразАктау» ақпараттық марафон жобасы болды. Шара АҚШ елшілігі, ҚР ІІМ және ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің қолдауымен өткенін айта кетейік.

Әсия Қалиева аталған марафон аясында Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығында» болып, алған әсерімен, бірқатар дерекпен бөлісіп отыр.

« Мекеме директоры Қалыбекова Жамал Дүйсенбайқызымен әңгімелескен едік. Әңгімеміз «Кез келген зорлық-зомбылықты тоқтату керек. Зорлық-зомбылық шексіз болмауы керек, зорлық-зомбылықтың салдары өте қайғылы» деген сөздерден басталды. Бұл орталықта жұмыс істеген 8 жыл ішінде Жамал Дүйсенбайқызы көптеген тағдырларға куә болған адам. Ол басшылық ететін мекеме жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық жағынан биік дуалмен қоршалған үш қабатты үлкен үй. «Театр киім ілгіштен басталады» деген сөз бар. Бұл жерде де солай. Биік дуалдың ар жағында көркем аула, ойын алаңы, демалуға арналған орынжай, хош иісті раушан гүлдері бар екен.

Біз алдын ала ескертусіз келген болатынбыз. Жамал Дүйсенбайқызы әлеуметтік қызметкермен бірге бізді жылы қарсы алып, ғимаратқа қарай жол бастады. Мұнда жайлы өмір сүру үшін қажеттінің бәрі бар : сегіз жатын бөлме, олардың екеуі жақсы жиһазбен екі адамға арналған. Түрлі жастағы балаларға арналған ойыншықтарға толы бөлмелер, асхана, жуынатын бөлме,  балаларға арналған ойын бөлмесі бар. Екінші қабатта демалыс бөлмесі мен сүйікті іспен, шығармашылықпен айналысуға арналған бөлмелер бар екен. Мұнда әйелдер түрлі қолөнер жұмысымен айналысады.  Олардың еңбектері көрмеге қойылып, жеке-жеке жиектеліп , дәліздерге, жатын бөлмелерге ілініп, мемлекеттік мекеме ғимаратына үйдегідей жайлылық сыйлап тұр.

Орталықтың қызметі – өмірлік қиын жағдайға тап болған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге уақытша пана болу.

Орталықтың міндеті — тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына олардың ахуалы шешілгенге дейін 6 ай ішінде өмір сүру мүмкіндігін беру. Негізгі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге: медициналық, құқықтық, психологиялық, білім беру қызметтеріне қол жеткізу , сондай-ақ жәбірленушілердің қоғамға кірігу әлеуетін күшейту, бұдан әрі балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай оларды күтіп-бағу мен тәрбиелеуді өз бетінше қамтамасыз ету. Бұл жағдайда Қызметтің негізгі бағыты балалардың толыққанды биологиялық отбасында өмір сүру және тәрбиелеу мүмкіндігін сақтауға бағытталған.

2014 жылы ашылған сәттен бастап Орталық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын уақытша орналастыруды қолға алды. Ол жерді паналағандарға психологтар, әлеуметтік қызметкерлер барлық тиісті қызметтерді көрсетіп, балалардың толыққанды балалық шақ құқықтарын іске асыруда заңды сүйемелдеуді және қолдауды қамтамасыз етуде» дейді. «Барлық ана мен бала бақытты болсын!» деген қоғамдық бірлестік жетекшісі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары жүгіне алатын байланыс нөмірін де бөлісті: 8 (7262 ) 45 50 57; 8707463 0623  қоңыраулар тәулік бойы қабылданады. Сондай-ақ, Заң көмегін көрсету бойынша кеңес алу үшін кезекші адвокаттың нөмірі бойынша хабарласуға болады: + 7 747 111 2360 (whatsapp, telegram).

 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.