Біз кз

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай қорғануға болады?

Қазіргі таңда отбасында орын алатын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі — еліміздегі ең актуалды проблеманың бірі. Өз жарының қолынан жараланып, тіпті қаза тауып жатқан әйелдер мен қорлықтың небір түрін көріп, психикасына шексіз зақым келіп жатқан балаларды бұл мәселеден қалай қорғауға болады?
Жамбыл облысында да тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қабытталған түрлі шаралар қолға алынуда. Бұл ретте тек құзырлы орган өкілдерінің жұмысы аздық ететінін айта кеткен жөн. Әсіресе, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің айтарлықтай күш салуы қажет. Сондай-ақ, ақпараттық насихат жұмыстарының да айтарлықтай көп болғаны жөн.
Осы орайда назарларыңызға әйелдер істері және отбасы-демографиялық мәселелер жөніндегі  Ұлттық комиссияның нұсқамасын ұсынамыз:
«Қазақстанда бұл мәселеге тап болған азаматтар «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңмен қорғалады.
Елде зардап шеккендердің қауіпсіздігі үшін қорғау нұсқамасы сияқты құрал қолданылады.
Қорғау нұсқамасы жәбірленушінің еркінен тыс, оның кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін қоса алғанда, оны іздеуге, қудалауға, оған баруға, ауызша немесе телефон арқылы сөйлесуге және онымен өзге де тәсілдермен байланыста болуға тыйым салады.
2021 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 81 мыңнан астам қорғау нұсқамалары шығарылды. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. 2017 жылы олардың саны 61 мыңға жуықтады.
Қорғау нұсқамасы туралы тағы бірнеше фактілер:
1) Ол 16 жасқа толған, есі дұрыс адамға шығарылуы мүмкін.
2) Оның қолданылу мерзімі ол берілген тұлғаға тапсырылған күннен бастап 30 күнді құрайды.
3) Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды.
4) Қорғау туралы нұсқамада: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кім және кімге қатысты бергені, зорлық-зомбылық жасау немесе онымен қорқыту орны, уақыты мен мән-жайлары, құқық бұзушы жағдайлардағы құқықтық зардаптар көрсетіледі»!
Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.