Біз кз

Қазақстандықтар Украинаға 1 тәулікте 22 миллион теңге жинады

Қазақстандықтар Украинаға көмек көрсету үшін арнайы шот ашқан болатын. Сол шотқа 1 тәулікте 22 миллион теңге түскен. Бұл туралы қайырылдылық шарасының бастамашысы, «HAQ» қозғалысының белсендісі Тоғжан Қожалы айтты.

«Бауырлас украин халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі біздің өтінішіміз жарияланған сәттен бастап қазақстандықтар 22 миллион теңгеден астам қаражат жинады.
Украинаның Қазақстандағы елшілігі біздің үндеуімізге үн қосып, сөзбен іспен қолдау көрсеткен әрбір қазақстандыққа алғыс білдіреді.
Бұл ақшаның бір бөлігі Польша арқылы Украинаға жеткізілетін дәрі-дәрмектер мен басқа да гуманитарлық көмек сатып алуға жұмсалады. Логистика ҚР-дағы Украина елшілігінің қолдауымен пысықталуда.
Қазақстанда сатып алу мүмкін емес нәрсе Польшада ҚР-дағы Украина Елшілігінің және келіссөздер жүргізіліп жатқан поляк серіктестерінің белсенді қатысуымен сатып алынады.
Содан кейін Польшадан гуманитарлық көмек тікелей Украинаға жіберіледі. Бауырлас Украинаға көмек көрсету барысы туралы барлық ақпарат «Ел Болашағы» телеграмм арнасында орналастырылады» деді белсенді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.