Біз кз

«WorldSkills Jambyl – 2022» облыстық чемпионаты басталды

🔰 «Балалары жылы» аясында облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру мақсатында «WorldSkills Jambyl – 2022» облыстық чемпионаты басталды. Шараның ашылуына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Нұржан Нұржігітов қатысты.

📍Аталған чемпионатқа өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 100-ден аса студент қатысуда. Үш күнге жалғасатын білім жарысында студенттер автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету, графикалық-дизайн, веб-дизайн, электрмонтаж, наубайшы ісі сынды 17 мамандық бойынша бақтарын сынайды.

– «WorldSkills» чемпионаты барлық кәсіптіктің білімнің дамуына ықпал ететін әлемдік жоба. Сайыс барасында өздеріңіздің кәсіби біліктілік пен шеберліктеріңізді дәлелдеп, облысымыздың намысын республикалық, халықаралық деңгейде қорғайды деп сенемін. Жарысқа қатысатын барша жастарға сәттілік тілеймін. Жаңа Қазақстанды құратын жастарымыздың болашағы жарқын болсын, – деген облыс әкімі шараға қатысушы қонақтармен бірге студенттер жасаған ауылшаруашылық техникаларынан ұйымдастырылған және шығармашылық-инновациялық жобалық көрмелермен танысты.

🔷Айта кетейік, жастардың білім деңгейін сынап көруіне әрі мамандығы бойынша тәжірибе жинауына мүмкіндік беретін чемпионаттың облыстық кезеңінің жеңімпаздары республикалық жарыста аймақтың намысын қорғамақ.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.