Біз кз

«CHESS ХАНШАЙЫМЫ-TARAZ»

Жамбыл облысының Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ, сондай-ақ «STAR 1» Шахмат академиясы,  Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысымен түрлі бағытта іс-шаралар өткізуде.

Соның бірі – «Chess Ханшайымы-TARAZ» турнирі. Аталған сайысқа Тараз қаласы мен облыс аудандарынан 6 жастан 17 жасқа дейінгі 84 қыз қатысуға өтініш білдірген.

Қайрат Рысқұлбеков саябағында салтанатты түрде өткен турнирдің ашылу және марапаттау рәсімінде Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева сөз сөйлеп, бүгінгі таңда жастар арасында шахмат ойынына қызығушылық артып келе жатқанын, оған осы байқау барысында көз жеткізгендерін тілге тиек етті.

Ойын барысында қатысушылар өздерінің жоғары дайындықтарын көрсетті.

Нәтижесінде, Т. Рысқұлов ауданынан Рысқұл Айдана, ТАРАЗ қаласынан Құралбек Айша, Меркі ауданынан Әзімхан Балнұр үздік ойыншылар ретінде танылды. Ал 3-ші орынды Меркі ауданынан Асланқызы Камила (40 мың теңге), 2-ші орынды Тараз қаласынан Финько Юлия (50 мың теңге) иеленсе, Тараз қаласы, 39 мектептің үшінші сынып оқушысы Абылайқызы Бибісара (60 мың теңге) «Chess Ханшайымы» деп танылды.

Шахмат турнирі барысында халықаралық гроссмейстер, шахматтан әйелдер арасында ҚР Кубогының жеңімпазы, әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, халықаралық турнирлердің қатысушысы Мадина Давлетбаевамен бір мезгілде ойын сеансы өтті. Сеанс барысында 20 үздік қатысушы халықаралық гроссмейстермен ойын ойнады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.