Біз кз

Ауданның кәсіпкерлік әлеуеті артып келеді

Кәсіпкерлік саласын дамыту қазіргі таңда жаңа жұмыс орындарын ашып, бюджеттік қаржыларды толықтырудың тұрақты көзі болып қана қоймай, ел экономикасының одан әрі өсуінің нақты факторына, сонымен қатар халықты жұмыспен қамтудың және әл –ауқатын жақсартудың негізіне айналып отыр. Әсіресе, өңірлерде шағын және орта бизнес иелерін қолдау жергілікті аймақ экономикасын көтерудегі негізгі тетіктердің бірі. Сондықтан кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, бизнеске жол ашу бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр.
Кәсіпкерлікті қолдау және ынталандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен кешенді шаралардың табысты жүзеге асуының нәтижесінде аудан экономикасы тұрақты дамып келеді. Мәселен, өткен жылдың өзінде «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде аудан бойынша барлығы 3652,9 млн. теңгені құрайтын 136 жобаға қаржылай қолдау шаралары көрсетілген.Оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 3071,0 млн теңгеге 83 жоба, «Атамекен» қаржы ұйымы арқылы 41,5 млн теңгеге 9 жоба, «Казагролизинг» қаржы ұйымы арқылы 105 млн тенгеге 7 жоба, «Іскер» бағдарламасы аясында 41,5 млн тенгеге 11 жоба, «Агробизнес» бағдарламасы аясында 309,7 млн тенгеге 19 жоба және «Аулие Ата» НС арқылы 84,2 млн тенгенің 7 жоба несиеге қол жеткізген. Мемлекеттік қодаудың арқасында кәсіпкерлер осылайша, кәсібін кеңейтуге, одан әрі дамытуға мүмкіндік алып отыр. Ал, ағымдағы 2023 жылға аталмыш бағдарлама шеңберінде субсидия тетігі арқылы тағы 20 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр.
Саладағы жетістіктерді өткен 2022 жылдың қорытындысымен саралайтын болсақ, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия бойынша құны 2891,9 млн. теңгенің 53 жобасына қолдау көрсетілген болса, «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы арқылы 179,1 млн тенгенің 30 жобасына кепілдік алынды. Осы бағдарлама аясында өткен жылы сондай-ақ, инфрақұрылым тарту тетігі бойынша құны 101,7 млн теңгені құрайтын 2 жоба оң шешімін тапты. Соның ішінде «Дулат» шаруа қожалығы 34,2 млн теңгеге электр желілерін жүргізуге құжаттарын рәсімдеген болса, «Ақбас» шаруа қожалығы осындай электр желілерін жүргізуге 67,5 млн. теңгеге құжаттарын рәсімдеп, қаржылай көмекке қол жеткізді. Одан бөлек «Азия хим» ЖШС-не электр желілерін, темір жол тұйығы және техникалық су тарту бойынша жобалық сметалық құжаттары жасалды.
Кәсіпкерлікке бет бұрып, жеке ісін бастауға ниет білдірген аудан тұрғындарының қатары көбейген. Мысалы, 2021 жылы аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субектілерінің саны 2744 болса, өткен 2022 жылы бұл көрсеткіш 3390 –ға жетіп, 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 23,5 пайызға өскен. Ал, биыл жылға шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 3400 субъектісін тіркеу жоспарлануда.
Елімізде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы 2010 жылдан бастап табысты іске асырылуда. Бүгінде аталмыш бағдарлама шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалардың ішінде ең сұранысқа ие бағдарлама болып отыр. Аудан экономикасын тұрақты дамытуда, кәсіпкерлік саласын одан әрі жетілдіруде бағдарламаның шапағатын көріп, ісін дөңгелетіп жүрген тұрғындардың саны артқандығы көңіл қуантады. Күн өткен сайын отандық ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс артып келеді. Ұлттық өнімді қолдана отырып, біз отандық кәсіпкерлерді қолдап, Қазақстанда жасалған тауарларды қолжетімді бағада сатып ала аламыз. Шағын және орта бизнес иелерін қолдау арқылы халықтың табысын арттыруға, экономикалық өсімді қалыптастыруға да үлес қосатынымызды естен шығармайық.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.