Біз кз

Әлем чемпионына құрмет

Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков фунакоши каратэден екі дүркін Әлем чемпионы атағына қол жеткізген Сәрсенбай Нұрай мен жеке бапкері Азамат Қойшыбаевты арнайы қабылдап, құттықтады.

«Нұрайдың үлкен спортқа қадам басқанына небәрі екі-ақ жыл өтсе де, дүбірлі додаларда атой салып көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатуда. Жеке бапкеріне және спортшымызға ризашылығымды білдіре отырып, алдағы жарыстарға сәттілік пен жеңіс тілеймін!» – деді аудан әкімі.

Елордамыз Астана қаласында фунакоши каратэден Әлем чемпионаты өткен болатын. Жаһандық додада 1000-нан аса спортшы бақ сынағанды. Айтулы жарыста таластың тумасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, екі дүркін Әлем чемпионы атағына қол жеткізген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.