Біз кз

Тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Елімізде сотты болғандарды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы қолға алынуда. Іс-шара аясында абайсызда немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, темір торға тоғытылған азаматтарға босатылғаннан кейін құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндіріледі.

Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты ер адам еркіндікке жолдама алды. Ол өткен жылдың қараша айында Алматы қалалық Алатау аудандық сотының шешімімен Қылмыстық Кодекстің 346 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылған.

Бұл күні жазасын өтеп шыққан азаматқа «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы шеңберінде босатылғаннан кейін жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмек пен құқықтық көмек бойынша қажетті ақпараттар беріліп, тиісті құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.