Біз кз

Қаратаудың қуатты кәсіпорындарымен танысты

Қазақстан республикасының Ұлттық экономика министрі жұмыс сапарымен Талас ауданында болды.
Әлібек Сәкенұлы Қуантыров аудандағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, аймақтағы нысандардың қызметімен танысты.

Министрдің аудандағы жұмыс сапары Қаратау қаласындағы «Игілік» жылу қазандығының жұмысымен танысудан басталды.

Бүгінгі таңда қазандық 152 көппәтерлі тұрғын үйді, 222 мемлекеттік мекемені, сондай-ақ, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды жылумен, ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Сондай-ақ, Тамды ауылында «Asia CHEM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатқан минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыттың жобасымен танысты. Жобаның инвестициялық құны 15 миллиард теңгені құрайды.
ҚР ұлттық экономика министрі келесі кезекте «Talas Investment Company» ЖШС» натрий ционидін өңдеу зауытының жұмысын бағамдады.
Кәсіпорынды аралап көріп, цехтарымен, өнімдерімен танысып зауыт қызметкерлерімен жүздесті.
«Talas Investment Company» натрий ционидін өңдеу зауыты 2014 жылы іске қосылған. Жылына 15 мың тонна натрий ционидін өндіретін зауытта 550-ден аса азамат жұмыс істеуде.
Зауыт жыл басынан бері 2360 тонна сульфат аммоний өндірген. Өнім ішкі нарыққа жеткізіледі және шет елдерге экспортталады.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 30 мың тоннаға дейін арттыр үшін, зауыттың екінші кезеңін салу жоспарлануда.
ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров жұмыс сапары соңында, құрылысы жүргізіліп жатқан «Karatau Chemicals» пиросульфит өңдеу зауытын көрді.
Кәсіпорынның құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе 25,0 мың тонна пиросулфитнатрий өндіруге қуатты. Зауыт іске қосылса жұмыс орындары ашылмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.