Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Міне осындай жүйелі жұмыстар біздің ауданымызда да жан-жақты жүргізіліп келеді. Ал ол өз нәтижесінде беріп отыр. Соның кейбіріне тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.
Бұрнағы жылдарды айтпағанда 2023 жылдың алғашқы 3 айында ауданымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бір отырысы өткізіліп, онда аудан әкімдігінің сыбайлас жемқорлық көріністері бөлімдерінің және ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, 2023 жылдың І тоқсанындағы «Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру туралы» өкімінің жоспарына сәйкес құқықтық оқуды өткізудің кестесімен, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бойынша 6 оқу сабақтары ұйымдастырылды.
Байзақ ауданы «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері 2023 жылдың І тоқсанында «Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында №3 Байзақ қолледжі білімгерлеріне және білім беру мекемелерде дөңгелек үстел басында кездесулер өткізілді.
Бақыт Қазанбасов, Байзақ ауданының әкімі.