Қоңыр күздің алғашқы күнінде еліміздің барлық білім беру ошағы оқушыларға есігін айқара ашатыны белгілі. Бұл күні мыңдаған бүлдіршін алғаш рет мектеп партасына отырса, өзгелері сыныптастарын көріп мәре-сәре болары анық. Дәл осындай қуанышты күнде әрбір оқушы мұнтаздай таза киініп, мектепке қажетті құрал-жабдықтарға қол жеткізуді қалайды. Алайда, періште көңіл балалардың кейбірінде мұндай мүмкіндік жоқ. Осы тұста оларға қайырымды жандар көмекке келеді.
Жарқын болашаққа қадам басқан қос бүлдіршінге жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері қуанышқа бөледі. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынышты №26 түзеу мекемесінің басшылығы мен жеке құрам қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында жүзеге асқан осынау игі іске бірауыздан қолдау білдіріп, ауызбіршіліктерін көрсетті. Осылайша, балдан да тәтті балақайлар қажетіне қол жеткізді.
Айта кетейік, жалғызбасты ананың мектеп жасындағы екі перзентінен бөлек, тағы екі ұл-қызы бар.