Біз кз

Жастар жаман әдеттерден аулақ болсын десек…

Жазғы демалыстардың басталуы қарсаңында Жамбыл облысында жастар арасында есірткіге қарсы алдын алу іс-шаралары күшейтілуде.

Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаменті ресми хабарлады.

«Жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ демалыс кезеңінде алдын алу шараларын күшейту мақсатында Жамбыл облысының құқық қорғау органдары ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқанын ұйымдастыруда.

Полиция қызметкерлері білім беру мекемелерімен, медициналық ұйымдармен және жұртшылықпен бірлесіп 148 ата-аналар жиналысын өткізді, онда кәмелетке толмағандарды есірткі заттарын, соның ішінде синтетикалық есірткілерді қолдануға қатысты алдын алу шаралары талқыланды.

Сонымен қатар, облыстың мектептері мен колледждерінде 583-тен астам профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың аясында дәрістер, әңгімелер, әлеуметтік бейнероликтер көрсету және жастардың есірткінің зияны мен теріс әсеріне қарсы тұру жолдары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған басқа да жұмыстар жүргізілді.

Жасөспірімдердің есірткіні қолдануына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға ерекше назар аударылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар ата-аналар мен педагогтардың жастардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыруға белсенді түрде қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Профилактикалық жұмыс өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз және салауатты бос уақытты қамтамасыз ету мақсатында жаз бойы жалғасатын болады» делінген ақпаратта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.