Біз кз

Таразда өткен «Денсаулық бұрышы» акциясы 900-ге жуық адамды қамтыды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен “Денсаулық бұрышы” акциясын кезекті рет ұйымдастырды.
Бұл жолғы акция облыс орталығындағы ірі «Нурислам» және «Korzinka» сауда үйлерінде өтті. Акция аясында № 6, № 7 қалалық емхананың дәрігерлері 500-ге тарта азаматқа медициналық кеңес берді.
Жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындардың қан қысымын, қант және холестерин деңгейін өлшеп, тегін кеңес берді. Оларға алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді. Сондай-ақ, акцияға қатысушылар бой мен салмақ өлшеу мүмкіндігіне ие болды.
Шара барысында Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесінің маңыздылығы туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың сұрақтарға жауап берді.
Айта кетейік, бұған дейін Қор филиалы “Денсаулық бұрышы” акциясын MART сауда үйінде өткізген еді. Акция аясында № 5 қалалық емханасы мен Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығының дәрігерлері 400-ге жуық адамға медициналық кеңес берген болатын. Осылайша, «Денсаулық бұрышы» акциясына жалпы саны 900-ге тарта жамбылдық қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.