Елімізде Қылмыстық Кодекстің 73-бабына сәйкес, сот үкімімен кінәлі деп танылған танылған кейбір азаматтар жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне яғни айыппұлға ауыстырылуына байланысты еркіндікке жолдама ала алады.
Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінен дәл осындай тәртіппен жергілікті азамат босатылды. Ер адам 2021 жылы Жамбыл аудандық сотының шешімі негізінде кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған еді.
Бұл күні мекеме аумағында «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы ұйымдастырылып, онда ҚАЖ қызметкерлері сотты болған азаматқа еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттерін кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ оған қайта қылмысқа бармауы жөнінде қатаң ескертілді.