Біз кз

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен «Qazaqsoda» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде этносаралық негіздегі даулы жағдай туындау ықтималдығы бар ауыл, мекеме (мектеп, аурухана) және кәсіпорындардың бірінші басшыларына қолданыстағы алгоритмді оқыту семинары өтті.
Шараға сондай — ақ, «Qazaqsoda» ЖШС-інің өкілдері, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Роллан Қуанышбаев, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Тлеубаев, «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының директоры Данияр Омар және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Сарысу ауданы бойынша электрондық еңбек биржасындағы жобалардың іске асырылу барысы және бос жұмыс орындарын орналастыру туралы» «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының директоры Данияр Омар баяндама жасады.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы этносаралық тұтастықты сақтаудың маңыздылығын айтып, ұлтаралық татулықты нығайтудың жолдарын ұсынды. Сондай — ақ, аудандағы кәсіпорын өкілдеріне жұмысқа аудан тұрғындарын орналастыруда өзге этнос өкілдерін де назардан шығармау керектігін жеткізді.

Сарысу ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.