Біз кз

Жамбыл облысында үш ер адам 60 келіден астам марихуана жинау кезінде ұсталды

Жамбыл облысында полицейлер 60 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі. Орталық өңірлерден келген үш ер адам ұсталды.

Т. Рысқұлов ауданы аумағында жедел іс-шараларды Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағымен бірлесіп өткізді.

Күдіктілер жабайы өсетін қарасораны жинау сәтінде ұсталды.

Олар 48 және 53 жастағы Қарағанды облысының екі тұрғыны және 48 жастағы Ұлытау облысының тұрғыны екені белгілі болды.

Тінту барысында 61 келі 440 грамм марихуана тәркіленді. Дайындаған орынның жанынан жабайы өсетін өсімдікті оруға пайдаланылған болуы мүмкін екі темір орақ табылды.

Барлық күдіктілер кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта олар Тараз қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысы ПД Баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.