Біз кз

Жамбыл облысында 200 келіден астам марихуана тәркіленді: полицейлер екі жергілікті тұрғынды ұстады

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері, ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің үйлестіруімен және Ұлттық ұланның №5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің қатысуымен Шу ауданының құмға жақын аймағында жедел ақпаратты жүзеге асыру кезінде екі жергілікті тұрғынды ұстады.

Жерді қарау барысында ішінде ерекше иісі бар өсімдік тектес заттар сақталған шатыр табылып, тәркіленді.

Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 206 келі 220 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысы ПД Баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.