Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту мақсатында кезекті рет дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұловтың төрағалығымен өткен жиынға «Алель Агро» АҚ өкілдері Алина Айменова мен Иманалиева Рыскуль, «ТаразКожОбувь» ЖШС директоры Еркин Абдыбаев, «Villa Строй» ЖШС директоры Жан Халиев және «Санижан» ЖШС директоры Сергей Логунов пен серіктестік өкілі Илияс Тастанбеков сондай-ақ «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС директоры Ғалымжан Қайназаров, өкілі Нұрбол Жетпісбаев және «Оралова» жеке кәсіпкерлігінің директоры Адилет Бестереков қатысты.
Айта кетейік, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басты міндеттерінің бірі – түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту. Бұл ретте өңірлік департаментке қарасты түзеу мекемелерінің өндірістік аймағына жергілілікті жеке кәсіпкерлерді тарту мен жаңа жұмыс көздерін ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесіндегі бас-аяғы 112 жазасын өтеуші ақылы жұмыстарға орналастырылған. Ал мұнда қазіргі таңда 140 азамат жазасын өтеп жатыр.