Елімізде 5 жыл бұрын қолға алынған «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) қызметтері жалғасуда. Бағдарлама іске асқалы бері отбасылардың бедеулік мәселесін шешіп, ата-ана болу арманын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп келеді.
Жамбыл облысында МӘМС аясында 2024 жылы бұл мақсатқа 334 млн теңге бөлініп, 281 қызмет көрсетілген. Ал 2025 жылға 278 млн теңге және 228 ЭКО қызметін қаржыландыру жоспарланған. Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 150 жағдайға 183,6 млн теңге жұмсалған. Бір қызметтің орташа құны — 1 224 057 теңге.
Бұл қаражат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) есебінен ЭКО процедурасын өткізуге мүмкіндік береді.
Жалпы, бағдарлама шеңберінде Жамбыл облысында 350-ден астам сәби өмірге келді. Денсаулық сақтау саласының өкілдері бұл бастама өз нәтижесін беріп отырғанын алға тартады.
Бұл көрсеткіштер мемлекет тарапынан отбасы институтын қолдау мен денсаулық сақтау саласындағы маңызды жетістіктердің бірі болып саналады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
«МӘМС сыйлаған бақыт»: Жамбылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 350 аса сәби дүниеге келді
Алдыңғы