Замананың дамып, жаңғыруға жол бастаған жасампаз еліміздің нормативтік-құқықтық актілері қалыптасқан. Бүгінде «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қағидатты сақтай отырып, болашақ ұрпақты тәрбиелікке баулу басты міндет болып табылады.
Осы орайда, бүгін Жаңатас көпсалалы колледжінде Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Сарысу медиа” орталығының ұйымдастыруымен «Заң бар жерде – тәртіп бар» атты аудан жастарының пікірталасы өтті. Кездесуге аудандық сот, прокуратура, аудандық полиция, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Сарысу медиа орталығы, колледж ұжымы мен білімгерлер қатысты.
Шара барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, ұрпақтар сабақтастығы мен тәлім-тәрбие тақырыптарында кеңінен мәліметтер айтылды. Пікірталас алаңында жастар көкейкесті ойларын ортаға салып, өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Белсенді қатысқан білімгерлер мен колледж ұстаздары ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың заңға деген құрметін арттырып, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға зор ықпал етпек.