Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
ЖАҢАРҒАН ЖАҢААРЫҚ
Сарысу ауданындағы Жаңаарық ауылдық округіне қарасты Ақтоғай ауылында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің «Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында ақын, қоғам қайраткері Рафаэль Ниязбековты еске алуға арналған рухани кеш өтті. Фойеде ақынның шығармашылығына арналған сурет көрмелері қойылды.
Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов ақынның өмір жолы мен шығармашылығын сабақтап, ұйымдастырылып отырған кештің мәні тереңде екенін айтты. Іс шараға облыстық маслихат депутаты Айтбала Жолмаханова, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова, аудан әкімінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова, Жаңарық ауылдық округінің әкімі Жалғас Дүйсен, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбзелбек Саспақов және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда қатысты.
Кеш барысында ауылдық клуб жетекшісі Гүлсім Бабанова ақынның шығармашылығына арқау болған шараның жастар үшін маңызды екенін айтса, ауылдық кітапхана меңгерушісі Жазира Сапарбаева Рафаэль Ниязбековтың шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырды. Сондай — ақ, ауылдық округ ардагерлерінен құралған «Шабыт» тобы ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқаса, мектеп өнерпаздары жырдан шашу шашты. Сондай — ақ, Рафаэль Ниязбекке арналған көрініс көпшілікті әсерге бөледі. Ақын Самат Тоқбанов жүрекжарды жырын оқып берді. Іс шараға қатысқан бірқатар азаматтар мен оқушылар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.