Біз кз

Рақымшылық: Тараздағы түзеу мекемесінен жетісулық азаматша босатылды

Биыл Ата заңның 30 жылдығына орай сотты болған азаматтарға мемлекет тарапынан кезекті рақымшылық жасалғаны белгілі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде айрықша атап өткен еді.

– Осы ізгі шараның арқасында жазасын өтеп жатқан 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды. Соның екі мыңнан астамы бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқарады. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана рақымшылыққа ілінеді. Ең алдымен, әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға, яғни, баласы бар әйелдерге, егде адамдарға, кәмелет жасына толмағандарға және осы санаттағы басқа да азаматтарға кешірім беріледі. Мұны жаза басқан жандарға жасалған нақты көмек, олардың қоғамға қайта оралуына жағдай жасау деп түсіну қажет. Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, бұл – шын мәнінде қайырымды елге тән сипат, – деді Мемлекет басшысы.

Бүгін Рақымшылыққа туралы Заңның 3 бабы, 6 тармағына сәйкес, облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінен 36 жастағы әйел адам босап шықты. Л есімді азаматша сот шешімі негізінде Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігі, 4-тармағымен кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Бұл күні жетісулық азаматшаға еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері мұқият түсіндіріліп, тараздық ҚАЖ қызметкерлері оған қайта қылмысқа бармау жөнінде қатаң ескертті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.