Біз кз

Тараздағы түзеу мекемесінде әлеуметтік жоба шеңберінде семинар ұйымдастырылды

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы – жазасын өтеушілерді қоғамға қайта бейімдеуде маңызды рөл атқарады. Өйткені, осынау жоба аясында сотты болған азаматтарға еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндіріліп, олардың «екі қолына бір күрек» табуына жол ашылады. Сондай-ақ бұл күні маманда сотты болғандарға қайта қылмысқа бармауы жөнінде қатаң ескертеді.

Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде кезекті рет дәл осындай іс-шара ұйымдастырылды. Бұдан бөлек осы күні аталған мекеме басшылығының ұйытқы болуымен сотталғандарды бостандыққа даярлау семинары өткізілді. Оған мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов, облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Қуаныш Ақболатов және №26 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегі мен тұрғын үй жайларын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Айсұлу Исмайлова қатысты.

Шара барысында құқық қорғау қызметкерлері арнайы контингент өкілдеріне мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар жөнінде толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар спикерлер қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, бастау-бизнес, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар туралы да кеңінен айтты. Өз кезегінде үш азаматты қақпа алдынан шығарып салған ҚАЖ қызметкерлері сотты болғандарға қайта қылмысқа бармауын қатаң ескертті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.