Біз кз

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері колледж студенттерімен кездесті

Әрбір мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің белгісі – заң мен тәртіп. Бұл ретте Президент «Адал адам – Адал азамат – Адал табыс» атты Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында: «Заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тыйым салынады. Ел ішіндегі тәртіпке әрқайсымыз жауаптымыз», – деп атап өтті. Ал өскелең ұрпақтың бойына тәртіпке бағынудың маңыздылығын жас кезінен сіңіру талқыланбайтын аксиома.

Жуырда облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тараз Болашақ медициналық колледжінің»студенттерімен кездесті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету, олардың құқықтық сауатын жетілдіру.

Кездесу барысында жастарға құқыққа қарсы әрекеттердің, оның ішінде дропперлік, алаяқтық, бұзақылық және есірткі заттарын өткізудің салдары сондай ақ олардың адам тағдырына, отбасы мен қоғамға тигізетін теріс әсері жан-жақты түсіндірілді. Өз кезегінде колледж студенттері ҚАЖ қызметкерлеріне көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.