Әкелер, педагогтер мен білім алушылардың қатысуымен «Өзіңнен баста!» ұранымен мазмұнды әрі тағылымды әкелер құрылтайы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – әкенің отбасындағы және қоғамдағы рөлін күшейту, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті терең ұғындыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және әкелердің мектеп өміріне белсенді араласуына жол ашу.
Құрылтай жұмысына мектеп әкімшілігі, әкелер қауымы және арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты. Атап айтқанда, бас спикерлер қатарында:
Тараз қаласы білім бөлімінің бас маманы Үкібасов Қ.И., ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбеков Ж.Н., Тараз қаласы ПБ АБ бастығы, полиция подполковнигі Кусаинов А.Б., халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жайлауов Ғ.О., Ш.Мұртаза атындағы Тараз университетінің деканы, PhD доктор Нургабылов М.Н. болды.
Шара барысында мектеп директоры Сыздыкова Г.К. құттықтау сөз сөйлеп, отбасы мен мектеп ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталды.
Құрылтай аясында әкенің бала тәрбиесіндегі орны, құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорт пен үйірмелерге бағыттау, ата-ананың жеке үлгісі туралы ой қозғалды.
Сонымен қатар интерактивті форматтағы «Бір минут – бір ой», «Қол көтер», «Сөйлемді аяқта» тренингтері өткізіліп, әкелер өз ойларымен және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар мұндай кездесулердің тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтіп, әкелер мен мектеп, қоғам арасындағы байланысты жүйелі түрде нығайту қажеттігін қолдады.
Әке – тәрбие тірегі. Болашақ – бүгіннен басталады. Өзіңнен баста!