Біз кз

Таразда жазасын өтеушілер кіші футболдан бақ сынасты

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кіші футболдан жарыс өтті. Бұл күні арнайы контингент өкілдері екі командаға бөлініп, жасыл алаңда өзара кім мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысында жеңімпаз құрама мекеме әкімшілігі тарапынан марапатқа ие болды.

– Мәдени-спорттық шаралар сотталғандардың түзеу жолына түсуіне оң септігін тигізері анық. Жазасын өтеушілер арасында моральдық-психологиялық климатты қалыптастыруға бағытталған мұндай іс-шаралар мекеме аумағында кешенді түрде ұйымдастырылуда, – делінген ақпаратта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.