Біз кз

Таразда №58 мекемедегі сотталған азаматтарға ауызашар таратылды

Қасиетті Рамазан айында Тараз қалалық «Әулиеата» мешітінің бастамасымен Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде сотталған азаматтарға ауызашар таратылды. Игі шара мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Рухани шараға Тараз қалалық «Әулиеата» мешітінің бас имамы Ержан Аманбаев қатысып, жиналған жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті туралы насихат айтты. Бас имам қасиетті айдың адам баласын сабыр мен мейірімге, кешірім мен ізгілікке шақыратынын атап өтті.

Ауызашар барысында сотталған азаматтарға құрма мен ауызашарға арналған тағамдар таратылып, барша жамағат бірге дұға жасап, ел амандығы мен тыныштығын тіледі. Шара соңында мекеме қызметкерлері мен қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мұндай рухани кездесулердің адамды жақсылыққа жетелеп, қоғамдағы өзара түсіністік пен мейірімділікті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.