Біз кз

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аталып өтті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аталып өтті.

Іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтарға қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, дәстүрлерді құрметтеуге баулу. Шара барысында қатысушыларға қазақтың салт-дәстүрлері туралы ақпарат беріліп, танымдық бейнематериалдар көрсетілді. Сонымен қатар ұлттық құндылықтар жайында әңгіме өткізіліп, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталған азаматтардың рухани-мәдени дамуына ықпал етіп, қоғамға оң көзқараспен қайта оралуына көмектеседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.