Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталғандармен әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Осы ретте бөлім психологтары профилактикалық есепте тұрған азаматтармен Сонди проективті әдістемесін қолдана отырып диагностикалық жұмыс өткізді.
Аталған әдістеме сотталғандардың бейсаналық импульстарын, жасырын тартылыстарын, ішкі психикалық күйзелістерін және тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар агрессия, қорқыныш, депрессия және қарым-қатынас ерекшеліктері сияқты көрсеткіштерді айқындауда тиімді.
Сонди тесті суицидалдық мінез-құлыққа бейімділікті ерте анықтауда маңызды рөл атқарады. Зерттеу нәтижелері негізінде тәуекел тобына жататын сотталғандармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Бұл жұмыстар сотталғандардың психологиялық жағдайын тұрақтандыруға және мекемедегі жалпы ахуалды жақсартуға бағытталған.