Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде жалпыұлттық сенбілік аясында санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға мекеме қызметкерлері мен әкімшілік құрамы белсенді қатысып, аумақ қоқыстан тазартылды, ағаштар отырғызылды, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Гүлзарлар күтіп-бапталып, ғимарат маңы ретке келтірілді.
Сенбіліктің мақсаты – еңбек мәдениетін қалыптастыру, ұжымдық рухты нығайту және мекеме аумағында санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.