Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесіндегі жазасын өтеушілердің тарихи-танымдық көзқарастарын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, ҚАЖ Комитетінің нұсқаулығының негізіндк бірер күн бұрын дәл осы мекемедегі сотты болғандардың назарына «Qajymuhan» кинофильмі ұсынылды.
Бұл шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеушілердің рухани байлығын арттыру, отбасы мүшелерімен қарым-қатынастарын нығайту және арнайы контингент өкілдерінің мәдени тұрғыда дамуына оң ықпал ету.
Көркем фильмде Мұңайтпасовтың өмір жолы, батырлығы мен ерлігі сондай-ақ даңқты балуанның бойындағы адамгершілік пен ұлттық құндылықтар кеңінен наситталады. Туындыда Қажымұқанның өз отбасына деген шексіз қамқорлығы, еліне адал қызмет етуі, түрлі қиындықтар мен кедергілерге қарамастан жеңіске жетуі – нақты деректерге сай көрсетіледі.